Skip to content

Балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ұйымдастыру бойынша іс-…

Балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ұйымдастыру бойынша іс- шаралар жоспарына сәйкес оқушыларға интернеттің пайдалы және зиянды жақтары туралы түсіндіре отырып, әлеуметтік желіде қауіпсіздігін сақтау, кибербуллингтің алдын алу мақсатында 5,6- сынып оқушыларына «Интернет дос немесе жау», 7,8- сыныптарға «Вертуальды әлем: қарсы және қалыс» тақырыбында қауіпсіздік сабағы өткізілді. Оқушыларға әлеуметтік желіде дос табу, олармен байланыс, оның қауіп- қатері туралы айтылып, талқыланды. 9- сынып оқушыларына «Желідегі байланыс этикасы» тақырыбында сабақ өткізіліп, әлеуметтік желідегі мәдениет туралы түсінік берілді.
Ал бастауыш сынып оқушыларына «Қауіпсіз интернет» тақырыбымен сабақтар өткізіліп, қауіпсіздік шаралары туралы айтылып, бейнероликтер мен презентациялар таныстырылды

Leave a Reply