Оқушыларды өз кәсібін дөңгелетіп отырған адамдар жетістігімен таныстырып, кәсіптік бағдар беру, болашаққа жол сілтеу мақсатында «Табысты адамдар құпиясы» ашық тәрбие сағатын сынып жетекші Сафы Айгүл 9- сыныпқа өткізді. Тәрбие сағатына жеке кәсіпкер Шаңбасов Сақтаған, тігінші Балмағанбетова Ақмаржан, Есбосынова Ғайша қонақ ретінде қатысып, өздерінің жетістікке қалай жеткендіктері туралы айтып берді. Оқушылармен бірге топтық жұмыс орындап, пікір бөлісті.


