Skip to content

«Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп – интернат» КММ – де жылдық…

«Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп – интернат» КММ – де жылдық жоспары аясында оқушыларды патриоттық бағытта тәрбиелеу мақсатында «Отты жылдар жаңғырығы» атты Ауған ардагері Қуатбай Бектұровпен таныстыру сағаты өткізілді. Сабақ барысында оқушыларға мектеп мұражайында Қ.Бектұровқа арналған бұрыш көрсетіліп, түсінік берілді және де Ауған соғысының зардабы туралы әңгіме қозғалды.
Оқушылар ауған соғысының ақиқаты мен шындығы туралы пікірлерін айтып, ауған соғысында қаза болған жерлесіміз «Қызыл жұлдыз» ордені иегері Қуатбай Бектұров туралы білетіндерін ортаға салды.
Мақсаты:
 Ауған соғысының тарихи мағынасын ашып,оқушыларға түсіндіру;
 Оқушылардың бойынан адамгершілік, еңбек сүйгіштік, әдептілік тәрбие көрсету;
 Отан қорғау әр азаматтың қасиетті борышы екендігін оқушылар түсінігіне жеткізу.
1979 жылы 25 желтоқсанда Кеңес өкіметі басқарушыларының қарымсыз, дарынсыз саясаткерлігінің кесірінен Ауғанстанға әскер енгізіліп, 10 жыл бойы ешкімге пайдасыз соғыс жүргізді. Осы уақыт аралығында Ауғанстан территориясында 600 мыңнан артық кеңестік әскерилер болды. Оның 15 мыңнан артығы қаза болып., 54 мыңға жуығы жараланып, 417-сі хабарсыз кетті. Соның ішінде соғысқа қатысқан 22 мыңнан астам қазақстандықтың 1 мыңға жуығы қаза болып, 2 мыңнан астамы мүгедек болып қалды. Ал 21 қазақстандық із – түзсіз кетті. Бұл айтуға оңай сандар. Он сегізге жаңа толып , өмірді енді ғана бастаған боздақтың мәйітін жерлеудің қаншалықты қиын екендігін бастан кешіргендер біледі. Ұзақ, 10 жыл бойы жасы балиғатқа толып, әскерге алынуға тиісті балалардың бәрінің де ата аналары «Ауғанстанға жібермесе екен» деп қыл үстінде жүргендей күй кешетін…. Мұның да жүйкеге қаншалық салмақ түсіргенін бастан кешкендер біледі. Сайып келгенде бұл соғыс Ауғанстанға барғандармен онда қаза болғандар үшін ғана емес, сол жылдарда 300 млн-ға жуық халқы болған барлық КСРО халқы үшін үлкен трагедия болғанын ұмытпайық.

Leave a Reply