Skip to content

Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернат. «Ұлттық ойын — ұлт қазынасы» тақырыбындағы…

Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернат. «Ұлттық ойын — ұлт қазынасы» тақырыбындағы тоғызқұмалақ, бестемше және бес асық ойындарынан өткен жарыс туралы ақпарлама :

АҚПАРЛАМА
Тақырыбы: «Ұлттық ойын — ұлт қазынасы»

2025 жылғы 29 қазан күні Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернатында «Ұлттық ойын — ұлт қазынасы» тақырыбымен ұлттық ойын түрлерінен жарыс өтті. Іс-шараның басты мақсаты — оқушылар арасында қазақтың дәстүрлі ойындарын кеңінен насихаттау, логикалық ойлау, ептілік және ұлттық рухты дамыту.

Жарысқа енгізілген ойын түрлері:
– Тоғызқұмалақ
– Асық ату
– Бес асық

Жарысқа оқушылар белсене қатысты. Оқушылар ойын барысында өз шеберліктері мен білімдерін ортаға салып, тартысты бәсекеде бақ сынады.

Жеңімпаздар арнайы марапаттармен және мадақтамалармен марапатталды. Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар мен көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Ұйымдастыру алқасы.

Leave a Reply