Тақырыбы: «ДосболLIKE» акциясы «Спорттағы достық»
Мақсаты: оқушылардың спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Спорттық жаттығуларды сауатты, дұрыс орындау, топпен жарысу арқылы, оқушылардың жауапкершілік қабілеттерін қалыптастыру.Алған білімдерін шыңдай отырып, ойындар арқылы балалардың ынта, зейіндерін арттыру. Шапшаңдылық, ұйымшыл, көпшіл, шыдамды, сабырлы болуға дамыту. Ойын арқылы балаларды жан жақты озық ойлы болуға тәрбиелеу.
Формасы: спорттық сайыс
Уақыты:11.11.2025 ж
Қатысушылар: мектеп оқушылары
Жүрісі: 10 – 14 қараша аралығында «ДосболLIKE» акциясы шеңберінде «Спорттағы достық» тақырыбында сыныптар арасында шағын жарыстар ( футбол, эстафета ) ұйымдастырылды. Жарыстарға мектеп оқушылары белсенді қатысып, шеберліктерін тапқырлығын және достық қарым – қатынасын көрсетті.
Іс-шара барысында оқушылар түрлі спорттық байқауларға қатысып, эстафеталық тапсырмалар орындау барысында бір – бірінен білмегендерін сұрап, командалық рух пен ынтымақтастықтарын нығайтты. Акцияның ұраны: «Нағыз досың болсын десең – алдымен өзің сондай бол!» Осындай іс – шаралар арқылы оқушылардың бойында мейірімділік, өзара көмек, достық және сыйластық сияқты адами құндылықтар қалыптасады.






