10 -14 қараша аралығында «ДосболLIKE» акциясы шеңберінде «Шағын интеллектуалдық академия» тақырыбында қызықты сайыс ұйымдастырылды. Іс-шараға 1-сынып пен 9-сынып оқушылары белсенді қатысып, өздерінің білімін, тапқырлығын және достық қарым-қатынасын көрсетті.
Бұл бағыттың басты мақсаты – әртүрлі жастағы оқушылар арасында өзара әрекеттестік орнатып, үлкендердің кішілерге үлгі болуына және бір-бірінен үйренуіне жағдай жасау.
Іс-шара барысында оқушылар түрлі логикалық тапсырмалар орындап, интеллектуалды ойындарға қатысып, командалық рух пен ынтымақтастықты нығайтты.
Акцияның ұраны: «Нағыз досың болсын десең – алдымен өзің сондай бол!»
Осындай іс-шаралар арқылы оқушылардың бойында мейірімділік, өзара көмек, достық және сыйластық сияқты адами құндылықтар қалыптасады.










