Skip to content

Маңғыстауда «Таза Қазақстан» акциясына 70 мыңнан астам тұрғын қатысты Биыл…

Маңғыстауда «Таза Қазақстан» акциясына 70 мыңнан астам тұрғын қатысты

Биыл Маңғыстауда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында өткен сенбіліктерге 70 мыңнан астам адам қатысып, 21 мыңнан астам көшет егілді. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Хайдар Тулеушов мәлімдеді, деп жазады otpannews.kz.

Спикердің айтуынша, акцияға 10 мыңнан астам ерікті, санитарлық тазалық пен көгалдандыру бағытындағы жұмыстарға 2800 арнайы техника тартылды. Нәтижесінде облыс аумағынан 7 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды.

Сондай-ақ «Мөлдір бұлақ», «Тазару күні», «Таза қала», «Таза аула», «Жасыл болашақ» акциялары ұйымдастырылып, тарихи-мәдени орындарда сенбіліктер өткізілді.