Тақырыбы: Қуатты елдің діні де қуатты!
Мақсаты: Оқушыларға діни тәрбие берумен қатар, дінді таныстыру арқылы балаларды тазалыққа, имандылыққа тәрбиелеу. Оқушыларды адалдыққа, қайырымдылыққа, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу.
Формасы: түсіндірме жұмысы
Уақыты: 4.11.2025 ж
Қатысушылар: 9 – сынып
Жүрісі: «Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп – интернаты» КММ – де 4.11.2025 ж тәрбие жұмысының қараша айына жоспарына сәйкес, «Қуатты елдің діні де қуатты!» тақырыбымен 9 – сынып оқушыларына Өтелгенова Бақытнұр таныстырылым сағатын өткізді. Дін – адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік – мәдени сана. Оның басты мақсаты – адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдайға сенімі.
Қазақстан Республикасы 1991 жылғы 16 желтоқсан күні өзінің тәуелсіздігін жариялады. Содан бері елімізде басқа республикалардағы, атап айтқанда, Өзбекстандағы, Қырғызстандағы, Таулы Карабахтағы және Шешенстандағы сияқты ұлтаралық және діни негіздегі қақтығыстар орын алмай, қоғамымыз тұрақты, тыныштық жағдайында дамып, өзінің алдында тұрған келелі әлеуметтік-экономикалық және саяси міндеттерді абыроймен орындап келе жатыр. Дегенмен қоғамымызда қалыптасқан саяси тұрақтылыққа қауіп төндіріп отырған, еліміздегі этносаралық және дінаралық келісімнің шырқын бұзуға бағытталған арандатушылық іс-әрекеттерді жүзеге асыруға ұмтылып отырған түрлі діни-экстремистік ұйымдар мен діни-радикалдық ағымдар жоқ емес. Бұл ұйымдардың әрекеттеріне және олардың нәтижелі болуына Қазақстандағы жағдайға өз ықпалдарын жүргізуге тырысып отырған белгілі бір саяси күштер мен топтардың мүдделі болып отырғандығы даусыз.




