«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау салтанатты рәсімі өтті.Мақсаты: оқушыларға еңсесі биік егемен еліміздің айбынды да азат ұрпақтары екендігін терең ұғындыру. Патриоттық, отансүйгіштік сезімін дамыта отырып, ел бейбітшілігін сақтау жолында үлес қосуға баулу. «Жас Ұлан» ұйымының қатарына мектеп оқушыларын қабылдау. Салтанатты жиынға мектеп директоры Айдаров Батырбек ағай, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Темирханова Сабира апай мен сынып жеткшілер «Жас Ұлан» ұйымының белсенді мүшелері, қатысты.
Жиынға мектебіміздің озат, үлгілі шәкірті ретінде 2-сыныптар арасынан «Жас қыран» ұйымына оқушы қабылданды. «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының Шораева Сабина рапорт тапсырып, оқушыларды ант беру рәсіміне дайындады






