«Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп – интернат» КММ – де 23.04.2025 жылы Маңғыстау аудандық әкімдігінің 11.04.2025 жылғы №01-21-360 хаты негізінде мектепішілк «Зейінді оқырман» байқауы 2 – 3 – 4 сынып оқушылары арасында өткізілді.
Бұл байқау Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы және Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай ұйымдастырылған болатын.
Байқаудың мақсаты:
•Оқу мәдениетін дамыту және қолдау;
•Оқушылар арасында көркем әдебиет туындыларын кеңінен насихаттау;
•Жасөсіпірімдерді кітап оқуға баулып, танымдық мәнін меңгеруге талпындыру.
Байқауға қатысу үшін берілген ертегілер:
•2 – 4 сынып: Халық ертегілері: «Алтын сақа», «Қаңбақ шал»
Байқауға 2 – 3 – 4 сыныптар арасынан 12 оқушы қатысты. Оқушылардан екі ертегі бойынша дайындалған 40 сұраққа жауап алынды. Байқау қызу, тартысты түрде өтті. Оқушылардың барлығы да ертегіні жақсы, түсініп оқығандарын көрсетті. Дей тұрғанменде жарыс болғасын жеңілу мен жеңіс қатар жүретіні белгілі. Байқаудың қорытындысы төмендегідей нәтиже көрсетіп, аудандық кезеңге ерекше білімдарлығымен көзге түскен 4 – сынып оқушысы Дәуіт Ғибрат жолдама алды:
•Жүлделі І орын 4 – сынып оқушысы Дәуіт Ғибрат;
•ІІ орын 2 – сынып оқушысы Қуаныш Мейіржан;
•ІІІ орын 4 – сынып оқушысы Мусабаева Айбибі.
