«Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп – интернат» КММ – де Білім берудің оқу – әдістемелік орталығының 18.04.2025 жылғы №02-20-875 хатын жолдай отырып, «15 минут – кітаппен» челленджі ұйымдастырылды.
Мақсаты: Жасөспірімдерді әдебиетке жақын болуға, кітап оқуға үндеу, адам өмірінде кітаптың алар орны ерекше екенін түсіндіру, «кітап -білім бұлағы, ал білім -өмір шырағы» деген нақыл сөздің өмірден алар орнын бағындырар белестерін оқырман бойына сіңдіру.
Кітап-рухани құндылық 23 сәуір – «Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық» күні. Кітап – нәзік те, тұнық әлем! Кітап атты тұнық әлемді жастар бойына сіңдіру мақсатында мектеп кітапханасында және сыныптар мен мұғалімдер бөлмесінде оқырмандармен әдеби кітаптарды оқып, «15 минут – кітаппен» челленджіне ұжым болып ат салыстық. Шара барысында оқушылар мен ұстаздар кітап тарихына шолу жасап, ақын – жазушылардың өлеңдерін оқыды.
#15МинутКітаппен, #КітаппенДосБол
