Skip to content

«Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп – интернат» КММ – де «Оқуға…

«Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп – интернат» КММ – де «Оқуға құштар – мектеп» жобасы аясында атақты классик ақыны, поэзия алыбы Қадыр Мырза Әліге 90 жыл толуына орай «Өлеңнің тау тұлғасы – Қадыр ақын» кітап көрмесі, библиографиялық шолу, шығармаларын оқу сағаты өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, ақын – жазушылардың шығармаларымен кеңінен таныстыру Оқырмандарды қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы Қадыр Мырза Әлінің өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, білімдерін кеңейту, Жазушының шығармаларын оқыта отырып іздендіру. Шығармаларын оқу арқылы жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, ата-анасын, тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра деп жырлаған белгілі ақын, аудармашы, Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Ғинаятұлы Мырза Әлі 1935 жылы 5 қаңтарда Орал облысының Жымпиты кентінде туған. Бала кезінде жетім қалған Қадыр кедейліктің тауқыметін көріп өсті. Балалық шағынан бастап кітаптарға қызығушылық танытып, Жымпиты аудандық кітапханасының тұрақты оқырманы болды. Тіпті, кітапханадағы барлық кітаптарды қайта оқып шығып, көркем әдеби шығармалардың жаңа басылымдарын асыға күтетін.
Қадыр Мырзалиевтің өз өмірінде көрген алғашқы кітабы «Қырық батыр» деп аталады. Бұл қарапайым халық оқитын ауылдағы ең сүйікті кітап болды. Онда қазақ халқының аңыздары мен қиссалары, эпостар мен ертегілер жазылған.
Күтілетін нәтижелері:
1. Ақын шығармашылығы бойынша үлкен мағлұмат қалыптасады.
2. Балалар ақын шығармашылығындағы мысалдармен, жұмбақтар, нақыл сөздер бойынша ақпараттармен танысады, оларды өмірдегі, өз тәжірибесіндегі түрлі жағдайларда қолдана алады.

Leave a Reply