«Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп – интернат» КММ – де «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Абай дана, Абай дара қазақта!» Абай оқулары, қарасөздері, шығармаларына шолу сағаты өткізілді.
Сабақтың мақсаты – Оқушыларды ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаев шығармаларымен таныстыру. Ақынның өлеңдері мен қарасөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу. Білімге деген құштарлығын арттыру. Оқушылардың сөйлеу, мәнерлеп оқу қабілеттерін, тіл байлықтарын, сөздік қорларын дамыту. Мейірімді, адал болуға, адамгершілікке, жаман әдептерден бойларын алыс ұстауға тәрбиелеу.
Парасатты болып туған,
Шыңғыстаудың Абайы.
Ән мен жырын мұра қылған,
Сарыарқаның Абайы.
Нақылымен сана құйған,
Қазағымның Абайы.
Ақылымен дана болған,
Бүкіл әлем Абайы,- деп ақын Жұмағазы Алмабаев жырлағандай, Абай есімін естігенде есімізге не түседі? Деген сұрақ арқылы сабағымызды бастап, одан әрі слайд, видеоролик көрсету арқылы түсініктерін молайтып, ақынның өлеңдерін оқып, қарасөздері талқыланды. Шара соңында белсенді қатысқан оқушылар марапатталып, Абайдың «Көзімнің қарасы» әні хормен орындалды.@
