«Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп – интернат» КММ – де кітапхананың жылдық жоспары аясында мектебіміздің оқырмандарын кітапханаға тарту үшін «Бір сынып – бір кітап» негізінде «Ертегі – тәрбие көзі» оқыған ертегілерін талқылау мақсатында 3 – сыныпта оқу сағаты өткізілді.
Сабақтың мақсаты:
1. Қазақ халқының шығармасы, халық мұрасы ертегі, оның шығу тарихы туралы түсінік беру.
2. Оқушылардың қиялдауға, шешен сөйлеуге, өз ойын еркін жеткізуге және қайратты істер жасауға жұмылдыру.
3. Төзімділікке, адамгершілікке, бірлесе жұмыс істеуге, жақсы қасиеттерді бойына сіңіруге тәрбиелеу. Ертегілерді оқуға деген қызығушылығын ояту.
Ертегі – халықтың ғасырлар бойы жинақталған даналығының айнасы. Ертегі балаларға өмірлік сабақ беріп, адамгершілік қасиеттерді үйретудің ерекше құралына айналды. Қазақ ертегілері ата-бабаларымыздың тұрмыс-салты мен дәстүрлерін, ұрпаққа аманат ретінде қалдырған рухани қазынасын жеткізіп келеді. Әрбір ертегіде жақсылық пен жамандықтың күресі, адалдық, әділдік пен мейірімділік идеялары өріліп жатады. Ертегіні тыңдаған бала қиял әлеміне еніп қана қоймай, өмір сүрудің негізгі қағидаттарын түсінеді. Ертегі – тек қана қиял-ғажайып емес, ұрпақтан ұрпаққа жеткен білім мен тәрбиенің көзі.Маңғыстау Ауданы Оқу-әдістемелік ОрталығыМаңғыстау Аудандық Білім БөліміМаңғыстау Аудандық Үйлестіру ОрталығыМаңғыстау Облысының Білім Басқармасы@
