Skip to content

13.02.2024 жылы С. Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернатта жаратылыстану және математика бағытындағы…

13.02.2024 жылы С. Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернатта жаратылыстану және математика бағытындағы пәндердің «Жаратылыстану – өмір тану, Табиғаттың сырын табу» атты апталығының екінші күні "География және жаратылыстану" күні деп аталды. Бұл күні 7-сыныпқа География пәнінен Кулбаракова Фаризаның "Дүние жүзі халықтарының тілдік әулеттері мен топтары" және 5-сыныпқа Шаңбаева Нұрлыгүлдің "Энергияның өзара түрленуі" тақырыптарындағы ашық сабақтары өтсе, үзілістер де тиімді пайдаланылып ұстаздар мен оқушыларға арналған "көңілді қоңыраулармен" жалғасын тапты. Ал түстен кейін 7,8,9 – сынып оқушыларына арналған "AQYL BATTLE" интеллектуалды ойыны өткізілді. Өткізілген барлық шаралар кең көлемде,үлкен дайындықпен ұйымдастырылғаны көрініп тұрды.

Leave a Reply