Skip to content

12.02.2024 жылы С. Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернатта жаратылыстану және математика бағытындағы…

12.02.2024 жылы С. Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернатта жаратылыстану және математика бағытындағы пәндердің «Жаратылыстану – өмір тану, Табиғаттың сырын табу» атты апталығы басталды. Апталық мұғалімдер мен оқушыларға арналған көңілді ертеңгілік тапсырмалардан бастау алды.
«Жаратылыстану: кеше, бүгін, ертең» шарасының аясында химия, физика, биология, география кабинеттерінің лентасы қиылды. Лента қию рәсіміне осы мектепте ұзақ жылдар қызмет еткен, ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері – мектептің ардагер ұстаздары шақырылды. Олардың өткен еңбек жолдарына көз жүгіртіп, сырлы сұқбат құрылды, естеліктер айтылды.
Кештің соңы оқушылар мен мұғалімдердің әсем өнерімен жалғасып, кеш қонақтарына арнайы сыйлықтар тапсырылды.

Leave a Reply