Оқушылар арасында достық сезімдерін туғызу, бір- біріне деген жақсы ой туғызу, сыйластық, достық көңіл- күй туғызу, буллингтің алдын алу мақсатында «Мектеп буллингінің алдын алу» тақырыбында жаттығулар мен ойындар өткізілді. Жаттығу жұмысына 3,4,5- сынып оқушылары қатысты. «Алақан» жаттығуы, «Біз немен ұқсаспыз» жаттығуы, «Менің мықты жақтарым» жаттығулары оқушылардың бойында кездейсоқ кездескен адамдармен тіл табысуға, өзара түсіністігін көрсетуге, өзіне- өзі сенімді болуға үйретеді.



