«Онлайн оқыту дәстүрлі сыныптағыдай тиімді ме?»атты 8,9-сыныптар арасында кезекті дебат өткізілді. Онлайн және дәстүрлі оқытудың тиімділігін салыстыру,оқушының білім сапасына, мотивациясына және әлеуметтік дамуына әсерін талдау. Үкімет жағы онлайн оқыту икемді,уақыт пен орынды үнемдейді,әлемдік білім ресурстарына қолжетімділік береді (платформалар, бейнесабақтар, цифрлық материалдар),оқушының өзіндік жұмыс жасау дағдысын қалыптастырады,технологиялық сауаттылықты арттырады деген тұжырым жасады. Оппозиция мүшелері, Үкіметке қарсы шығып, позияцияларын қолдамайтындығын және аргументтерінің әлсіз екендігін жеткізді. Оппозиция мүшелері онлайн оқытуда тікелей қарым-қатынас пен әлеуметтік орта жетіспейді,мұғалімнің бақылауы әлсірейді,назардың тез бөлінуі, тәртіптің төмендеуі мүмкін,барлық оқушыда бірдей интернет пен техника жоқ екендігін алға тартты.
“Ең тиімді жол — екі форматты ұштастырған аралас (гибридті) оқыту жүйесі. Қорытындылай келе, онлайн оқыту дәстүрлі сыныпты толық алмастырмайды, бірақ оны тиімді толықтыра алады”деп өз позицияларын Оппозиция тобы толықтай қорғап шықты.



