Қаңтар айындағы Дебат үйірмесінің іс-шаралар жоспары бойынша, үйірме қатысушылары арасында «Қатаң тәртіп-тәрбие құралы ма?»атты дебат өткізілді. Дебаттың мақсаты: қатаң тәртіптің тәрбиедегі рөлін жан-жақты талдау, тәртіп пен зорлық, талап пен түсіністік ұғымдарының аражігін ажырату.
Үкімет және оппозиция мүшелері аргументтерін нақты жеткізіп, бір-бірінің позицияларын жығуға барынша тырысты. Қарсы тарапқа жасалған ребатл кезеңі де ойдағыдай болды. Оқушылар, «қатаң тәртіп белгілі бір жағдайда тәрбие құралы бола алады. Ол жауапкершілікке, жүйелілікке, еңбекқорлыққа үйретеді. Алайда шектен тыс қатаңдық баланың тұлғалық дамуына, еркін ойлауына және психологиялық саулығына кері әсер етеді»деген Оппозиция мүшелерінің позициясы толық қорғалып, нақты аргументтерімен, тайм-ауттың дұрыс пайдалануын ескере отырып есептік көрсеткіште жеңіске жетті.


