Мектебімізде драма үйірмесі белгіленген кесте бойынша уақтылы және жүйелі түрде жүргізілуде. Үйірме жұмысы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, сахна мәдениетін қалыптастыруға, еркін сөйлеу дағдыларын жетілдіруге бағытталған.
Үйірме барысында оқушылар көркем шығармалардан үзінділер қойып, рөлдерге бөлініп, сахналық қойылымдар дайындайды. Театр өнерінің қыр-сырын меңгеріп, актерлік шеберліктерін шыңдауда.
Сабақтар жоспарға сәйкес өткізіліп, оқушылар белсенді қатысуда. Үйірме жұмысы өз деңгейінде ұйымдастырылып келеді.
