«Адал азамат» тәрбие бағдарламасы аясында «Ашық есік күні» өтті
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Заң және тәртіп» құндылығын ілгерілету мақсатында білім беру ұйымында ата-аналарға арналған «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты: Білім ордасының тыныс-тіршілігімен таныстыру, оқу-тәрбие процесіне қатысты өзекті мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу және ата-аналармен ашық диалог орнату.
Жиынға мектеп әкімшілігі, және ата-аналар қауымдастығы қатысты. Ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарға тұшымды жауап алып, мектеп әкімшілігімен кері байланыс орнатты.
