Skip to content

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Маңғыстау ауданының Қосбұлақ-2 шағын ауданында…

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Маңғыстау ауданының Қосбұлақ-2 шағын ауданында ашылған №1 жалпы білім беретін мектеп 2025-2026 оқу жылын 496 оқушымен аяқтады.

Білім ордасында 61 педагог еңбек етеді. Мұғалімдер құрамында 3 педагог-шебер, 9 педагог-зерттеуші, 10 педагог-сарапшы және 27 педагог-модератор бар. Бұл ұжымның кәсіби әлеуетінің жоғары екенін көрсетеді.

Оқу жылы барысында мектеп оқушылары білім, ғылым және шығармашылық бағыттарында елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтқанда, 11 оқушы республикалық, 17 оқушы облыстық, 55 оқушы аудандық деңгейдегі пәндік олимпиадаларда, ғылыми жобалар байқауларында және түрлі шығармашылық конкурстарда жеңімпаз және жүлдегер атанды.

Мектептің робототехника үйірмесі де жоғары нәтижелер көрсетті. Үйірме мүшелері First Lego League Explore жарысының Маңғыстау өңірлік кезеңінде Brightest Presentation Award номинациясының жеңімпазы болды.

Биыл мектепті 38 түлек тәмамдады. Олардың ішінде 3 оқушы оқу үлгерімі мен білім сапасының жоғары көрсеткіші үшін «Үздік аттестат» иегері атанды.