23 сәуір – Ұлттық кітап күніне арналған онкүндік іс-шаралар жоспарына сәйкес «Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернат» КММ-де 5–9 сынып оқушылары арасында «Үздік кітап оқитын сынып» атты танымдық байқау өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, олардың ой-өрісін кеңейту, әдеби шығармаларды тану қабілеттерін дамыту және сыныптар арасындағы белсенділікті арттыру болды.
Байқау бірнеше кезеңнен тұрды. Атап айтқанда, 1-бөлім «Жақсы кітап – жан азығы» деп аталып, оқушылар өздері оқыған кітаптар туралы ой бөлісіп, оның маңызын түсіндірді. 2-бөлім «Ұшқыр ой» кезеңінде қатысушылар жылдам сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін көрсетті. 3-бөлім «Кім тапқыр?» кезеңінде логикалық тапсырмалар орындап, тапқырлықтарын дәлелдеді. Сонымен қатар, 4-бөлім «Авторды тап» кезеңінде оқушылар шығармалардан үзінділер арқылы авторларын анықтаса, 5-бөлім «Кейіпкерді таны» бөлімінде әдеби кейіпкерлерді сипаттау арқылы табу тапсырмаларын орындады. Ал 6-бөлім «Кітап – алтын қазына» кезеңінде қатысушылар кітапқа байланысты өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін жан-жақты көрсете білді.
Барлық кезеңдер тартымды әрі қызықты өтіп, оқушылар белсенділік танытты. Байқау барысында қатысушылардың әдеби білім деңгейі, жылдамдығы, тапқырлығы және шығармашылық қабілеттері бағаланды.
Қорытынды нәтижесі бойынша 5-сынып оқушылары жеңіске жетіп, «Үздік кітап оқитын сынып» атанды. Жеңімпаздар марапатталып, алғыс хаттармен ынталандырылды. Қорытындылай келе, бұл іс-шара оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың білімдерін тереңдетуге, ойлау қабілеттерін дамытуға және әдебиетке деген сүйіспеншілігін нығайтуға зор ықпал етті.
#ҰлттықКітапКүні
#МаңғыстауАудандықБілімБөлімі
#МаңғыстауАудандықБілімҮйлестіруОриалығы
#МаңғыстауОблыстықБілімБасқармасы







