Балабақшаға орналасу үшін ваучерді қалай алуға болады?
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы №372 бұйрығына сәйкес, мектепке дейінгі білім беру ұйымына балаларды орналастыру ваучерлік қаржыландыру жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Ваучер – баланың мектепке дейінгі білім беру қызметіне ақы төлеуге арналған мемлекеттік қаржыландыру түрі.
Ваучер алу үшін келесі қадамдарды орындау қажет:
1. Кезекке тұру
INDIGO – балабақшаға кезекке қоюға арналған ақпараттық жүйе.
2. Өтініш беру
ED24 – SMS арқылы құпия код алуға арналған мобильді қосымша.
3. Хабарлама алу
Кезегіңіз келгенде сізге SMS және қосымша арқылы хабарлама келеді.
4. Ваучерді растау
2 жұмыс күні ішінде INDIGO жүйесінде ваучерді растау қажет. Растамасаңыз, ваучердің күші жойылады.
5. Шарт жасау
5 жұмыс күні ішінде балабақшамен келісімшарт жасап, құжаттарды тапсыру қажет. Уақытында рәсімдемесеңіз, ваучер жойылады және қайта кезекке тұру қажет болады.
Мысалы, Егер сізге ваучер 1 сәуірде берілсе: 3 сәуірге дейін растамасаңыз → ваучер жойылады. Растағаннан кейін 5 күн ішінде шарт жасамасаңыз → ваучер қайтадан күшін жояды
Толық ақпаратты indigo24.kz сайтынан алуға болады.

